logo

Ұлттық қорғаныс университеті жас сарбаздарды қабылдады


Ұлттық қорғаныс университеті жас сарбаздарды қабылдады

2022 жылғы көктемгі шақырудың басталуымен Ұлттық қорғаныс университетінің әскери-ғылыми взводы мен штабтық ротасы Нұр-сұлтан қаласы мен Қостанай облысынан жаңадан шақырылушылармен толықтырылды.

Жас жеткіншектерді жылы және салтанатты жағдайда Ұлттық қорғаныс университетінің басшылық құрамы қарсы алды. Қызметтің бірінші күні келген жаңа шақырылушыларды Ұлттық қорғаныс университетінің тарихымен және қызмет өткеру ерекшеліктерімен таныстырды. Бір ай бойы олармен жауынгерлік, мемлекеттік-құқықтық даярлық және жалпыәскери жарғылар бойынша сабақтар өткізілетін болады.

Әскери-ғылыми взводқа ғылыми ізденістерге бейім және қорғаныс істері жөніндегі мекемелердің өкілдері алдын ала іріктеп алған дарынды балаларды шақырады. Іріктеу кезіндегі негізгі критерий ақпараттық технологиялар, нақты ғылымдар және робототехника саласында білімнің болуы болып табылады.

Әскери-ғылыми взводтың әскери қызметшілері инженерлік-технологиялық бейін, робототехника, IT-технологиялар, киберқауіпсіздік бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарына қатысады, перспективалық тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді.

Университет штабтық ротасының жас толықтыруы маңызды және жауапты міндеттерді орындайды, олар ішкі тәртіпті сақтайды және өткізу режимін бақылайды.

– Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы мен жас сарбаздар жиынының әкімшілігі жас сарбаздарға қызмет өткеру үшін барлық жағдай жасады, – деп жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Қанат Шәріпханов атап өтті.

Жас буынды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери-ғылыми взвод құрамында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақыру тәжірибесі 2018 жылдан басталғанын айта кетейік.