logo

Ұлттық қорғаныс университетінде қабылдау емтихандары өтуде


Ұлттық қорғаныс университетінде қабылдау емтихандары өтуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасы мен докторантурасына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының әскери оқу орындарына түсушілер білімдерін тексеруден өтеді.

Кандидаттарды іріктеу түсу емтихандарының нәтижелері негізінде жүзеге асырылды: магистратураға түсушілерден бейіндік білімі мен дене шынықтыру дайындығының деңгейі тексерілді, ал докторантураға түсушілер бейіні және шет тілі бойынша емтихандар тапсырды. 2020 жылдан бастап магистратураға емтихандарды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітілген тапсырыс берушілердің өкілдерінен тұратын емтихан комиссиялары қабылдайды.

Түсу емтихандарының қорытындылары бойынша оқуға түсуге үміткерлерді жинаған рейтингтік ұпайларын ескере отырып, қабылдау комиссиясы ҰҚУ-ға 157 магистрант пен докторантты және РФ мен БР әскери оқу орындарына 80 офицерді қабылдау үшін қарады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштерінің 24 әскери қызметшісін оқыту жоспарлануда.

Әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және ҚР Ұлттық ұланының 400-ден астам офицері келді.