logo

Ұлттық қорғаныс университетінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары талқыланды


Ұлттық қорғаныс университетінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Бас альма-матрада университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар «AMANAT» саяси партиясы қоғамдық институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасовамен кездесіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Партияның жетекші өкілі мемлекет дамуының негізгі басым бағыттары мен елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру мәселелерінде реформалар жүргізу жөніндегі нақты шараларды атап өтті.

Әскери қызметшілердің үлкен қызығушылығымен «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы талқыланды, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтау шоттарына олар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50% – ін аударуды көздейді.

«Мемлекет басшысының жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету 7 жеке кодекс пен заң қабылдауды, 40-тан астам заңға өзгерістер енгізуді және 200-ден астам заңға тәуелді актілер қабылдауды талап етеді. 2023 жылдың ортасына қарай биліктің барлық негізгі саяси институттары: Президент, Парламент, Үкімет қайта жаңғыртылады және жаңартылады, – деп атап өтті өз сөзінде Динара Сәдуақасова.

Кездесуде Ұлттық қорғаныс университеті бастығының міндетін атқарушы полковник Қажыбек Омарғалиев «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы – барлық әскери қызметшілер мен елдің әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Жолдауда Мемлекет басшысы өзекті мәселелерді атап өтіп, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынғаны» жөнінде баяндама жасады.

Іс-шара соңында полковник Қажыбек Омарғалиев Динара Тайбасарқызын университет қызметімен таныстырып, мемлекет басшысы жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіргені үшін алғысын білдірді және еліміздің маңызды стратегиялық құжатының іс-шараларын іске асыру мәселелерінде одан әрі бірлескен жұмыс пен өзара іс-қимыл жүргізуге сенім білдірді.