2024 жылдың 2 желтоқсанында Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа оқу кзеңінің басталуына арналған іс-шара өткізілді. Салтанатты әнұранды орындау барысында дәстүр бойынша Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік және кәсіптік дайындықтың үздігі, университеттің жауынгерлік дайындық және әскерлер қызметі басқармасы ұйымдастыру және жұмылдыру бөлімшесінің бастығы капитан Қуаныш Беделханұлы Тәпішев құрметке ие болды.
Университет бастығы, PhD философия докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков өзінің баяндамасында университеттің жеке құрамын жаңа оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің берілген тапсырмаларын жеткізді.
Оған қоса, аталған іс-шараға Құрлық әскерлері факультетінің 2 курс магистранты подполковник Асқар Әбдукәрімұлы Даулетов, тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының нұсқаушы-сержанты Ботакөз Естайқызы Жалелова, рота сержанты – күзет және қамтамасыз ету ротасының жауынгерлік және дене дайындығы бойынша нұсқаушысы аға сержант Өмірбек Қайрошұлы Ордабек қатысты. Олардың барлығы жауынгерлік және кәсіптік дайындықтағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, сондай-ақ өздерінің адал қызметтерінің арқасында университеттің жеке құрамын құттықтау құқығына ие болды.