logo

Қытай Халық Республикасы делегациясының сапармен келуі


Қытай Халық Республикасы делегациясының сапармен келуі

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының шешіміне сәйкес, Орталық әскери кеңестің саяси жұмысты насихаттау басқармасының Бас басқармасы бастығының орынбасары аға полковнигі Би Биннің басшылығымен Қытай Халық Республикасы делегациясының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне сапары өтті.

ҚХР ОӘК делегациясын университет бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор С. Тулепбаев, сонымен қатар, Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің әскери оқыту және тәрбие кафедрасының оқытушылары мен магистранттары қарсы алды.

Сапар барысында Қытай өкілдерінің назарына ҚР ҰҚУ негізгі міндеттері мен функциялары туралы ақпараттық брифинг ұсынылды, сондай-ақ әскери саладағы идеологиялық және саяси даму, тәрбие құрылымдарының мамандарын даярлау және әскери-патриоттық жұмыс мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Кездесу қорытындысы бойынша озық тәжірибе алмасуды және өзара сапарларды іске асыруды қоса алғанда, жоғарыда аталған бағыттарда екіжақты өзара іс-қимылды дамыту қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.