2024 жылдың 8 ақпанда Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ұлттық қороғаныс универсиетіне келіп кетті.
Қорғаныс ведомствосының басшысы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен қазіргі заманғы геосаяси жағдайды есепке ала отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі офицрлерді даярлаудың өзекті мәселелері бойынша сабақ өткізіп, білім беру сапасы мен университетте оқу үдерісін бұдан әрі жетілдіру бағыттары бойынша тапсырмаларды анықтап кетті.
Келу барысында университеттің Әскери ғылыми-зерттеу орталығының ақпараттық технологиялар басқармасы Қорғаныс министріне оқу үдерісінің жетілдірілуін ұйымдастыруда бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жаңа әзірлемелерді көрсетті.