logo

«Қазақ мемлекеттілігінің бастауы – Жошы ханнан қазіргі заманға дейін»


«Қазақ мемлекеттілігінің бастауы – Жошы ханнан қазіргі заманға дейін»

2024 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Ұлттық әскери-патриоттық орталық базасында «Қазақ мемлекеттілігінің бастауы – Жошы ханнан қазіргі заманға дейін» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өткізілді.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, Қарулы Күштердің ардагерлері, профессорлық оқытушылар құрамы, Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары мен докторанттары, жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен курсанттары, елдің жетекші тарихшылары, шетелдік қонақтар қатысты.

Конференцияның мақсаты жалпыұлттық құндылықтар мен мұраттарды қалыптастыру үшін Қазақ мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелерін зерделеу болды.