logo

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды алдын алу» онкүндігін өткізу аясында ҚР ІІМ ӘТБ және ҚР ҚК ӘП өкілдерімен кездесу өткізілді


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды алдын алу» онкүндігін өткізу аясында ҚР ІІМ ӘТБ және ҚР ҚК ӘП өкілдерімен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында университетте «Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды алдын алу» онкүндігін өткізу аясында ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасы мен ҚР ҚК Әскери полиция өкілдері барлық курстардың магистранттары және докторанттарына дәріс өткізді.

Әңгімілесу барысында Ақмола гарнизонының ӘПБ бастығының орынбасары полковник Рустам Мырзағалиұлы Манкеев пен Астана қаласының ҚР ІІМ Арнайы пәндер академиясының кафедра доценті, әділет полковнигі Динар Амангелдіқызы Жармағамбетова сөз сөйледі.  

Әңгімелесу кезінде Ақмола гарнизонында және жалпы мемлекет бойынша жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың статистикасы келтірілді. Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қылмыскердің әлеуметтік-психологиялық портреті берілді.