2024 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері ғарыш аппараттарын әзірлеу және өндірумен айналысатын, Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы көшбасшысы болып табылатын Астана қаласындағы «Ghalam» ЖШС барды.
Сапар барысында «Ghalam» ЖШС өкілдері компанияның миссиясы, оның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі және инновациялық жобалары туралы айтып берді. Олар ғарыш аппараттарын дайындап, құрастыратын өндірістік желілерді, сондай-ақ күрделі сынақтар жүргізілетін заманауи зертханаларды көрсетті.
Алдағы екіжақты ынтымақтастық инновациялық даму саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағытына айналып, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік береді.