2024 жылғы 9-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми қызметкерлері Алматы қаласының ғылыми білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің нысандарына барды. Олар Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің ғылыми және өндірістік базасымен, ЖШС СКТБ «Гранит», ЖШС НПП АСКБ «АЛАТАУ», РАҚЖ жөндеу орталық базасымен (73652 ә/б) және ҰҰА жөндеу сервис орталығымен (65229 ә/б, Алатау қ.) танысты.
Сапардың қорытындысы бойынша келесі мәселелер және одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірілді: