Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының әскери білім флагманында салтанатты іс-шара өткізілді. Университет магистранттары өздерін ержүректілікпен, әсем вальспен және әдептілікпен көрсете білді.
Офицерлік бал – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Оның арқасында әскери қызметшілер жаңа қырынан ашылады. Сұлулық, рақым қарым-қатынастағы керемет стиль ерекше рөл атқарады.
Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы көрермендерге жарқын әрі ерекше әсер сыйлады.
Офицерлер жұптарының көркемділігін университет бастығы басқарған қазылар алқасы бағалады.
Офицерлік балында Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің мүшелері үздік деп танылды. Жеке жұптар «Көркемдік», «Гармония», «Бірегейлік» және «Грация» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды.