logo

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Донор күні өткізілді


Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Донор күні өткізілді

2024 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Донор күні» науқаны өткізілді. Университет базасында «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК мамандарымен балалар онкогематология бөлімінің науқастарына арналған қан алу пункті ашылды.

Профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар мен магистранттар дәрігерлердің шақыруына ойланбастан көмектерін көрсетті. Науқанға университеттің 64 әскери қызметшісі қатысты.

Қан тапсыру процедурасы донор үшін мүлдем ауыртпалықсыз және қауіпсіз! Донация кезінде тек стерильді, бір реттік құралдар мен жинақтаушы материалдар пайдаланылады. Орталықтың қызметкерлері барлық қажетті санитарлық-эпидимиологиялық нормаларды сақтай отырып, донорларды жоғары дайындықта қабылдайды.  

Мұқтаж науқастар үшін «Донор күні» жылына бір рет емес, күн сайын қажет екенін есте сақтаған жөн!