2024 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери қызметшілердің балалары үшін әскери-патриоттық орталығының салтанатты ашылуы рәсімі өткізілді. Орталықта әскери қызметкерлердің балалары робототехниканың бастауларын, көркем еңбек, шахмат ойнау, садақпен ату, сондай-ақ аэробика және бимен айналысады.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депуттатары қатысты.
Бұдан басқа, университет қабырғасында Әскери-ғылыми взводының толықтырылған он бірінші шақырылуының және Астана қаласының №88 мектеп-гимназиясының 8-10 сыныптарының он баласы «Жас Сарбаз» қозғалысының «ҰлтҚорғаУ» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілердің алғашқы жиынтығының әскери және салтанатты ант қабылдаудың қасиетті ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Жас сарбаздар мен клуб тәрбиеленушілердің салатантты рәсімі барысында университет бастығы генерал-майор А.Д. Мустабеков жас жауынгерлерге Қазақстан Республикасының әскери қызметшісі құрметті атағын алып жүруге лайық болуын, Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігін қорғауын, ал клуб тәрбиеленушілеріне үздік оқу барысында «Адал азамат» қасиеттерін дамытуды тіледі.