«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандум
2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған құжат тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығының негіздерін айқындайды, ол ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға, ғылыми және білім беру өзара іс-қимылын кеңейтуге, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға және елдің қорғанысы мен әскери қауіпсіздігіне бағытталған ғылым мен технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Тараптардың өкілдері:
- «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің бас директоры Ербол Имбергенұлы Салимов және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзірлемелер департаменттерінің директорлары.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті атынан университет бастығы, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор, генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабеков, сондай-ақ университет бастығының оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, зерттеу институттарының бастықтары.
Қатысушылар оқу орнының презентациясымен, университеттің ғылыми жетістіктер көрмесімен танысты. Танысу және нәтижелі пікірталас барысында Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін дамыту мен арттыру мүддесінде одан әрі бірлескен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.
Қол қойылған меморандум келесі бағыттар бойынша бірлескен дамуды қамтиды:
- тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- бірлескен іс-шараларды (семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, жұмыс кездесулері) ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру және зерттеу үдерістеріне озық инновациялық технологиялар мен әдістемелерді енгізу, оларды технологиялық дамытуға ықпал ету.