logo

Қазақстанның әскери ғалымдары өзбекстандық әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылады


Қазақстанның әскери ғалымдары өзбекстандық әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспары аясында генерал-майор Лұт Әлшекенов бастаған Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің академиясында болды.

Сапар барысында Академия басшылығымен кездесу өткізіліп, оқу орындары мен профессорлық-оқытушылық құрам арасындағы ынтымақтастықты дамыту көкжиегі талқыланды

Сондай-ақ тараптар ғылыми және оқытушылық қызметті ұйымдастыру жөнінде тәжірибе алмасты.

Бұдан бөлек Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару кафедрасының бастығы полковник Аманжол Разбеков Академия оқытушылары мен тыңдаушыларына жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты дәріс оқыды.