Диссертациялық кеңес

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығының 3 және 11-тармақтарына сәйкес (жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 294 бұйрығымен) және ғылыми кеңестің шешімі, университет бастығының бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ғылымның үш бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу: 8D12101 – Әскери өнер; 8D12102 – Әскери тарих; 8D12103 – Қару-жарақ және әскери техника диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер құрылды.

Функциялары

Диссертациялық кеңестің функциялары:

1) диссертация қорғауға құжаттар қабылдау;

2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;

3) докторанттың көшіріліп алынған материалды авторға және көшірілінген көзіне сілтеме жасамай пайдалануына (плагиат) диссертацияны тексеру үшін диссертациялық кеңес мүшелері қатарынан комиссия (бұдан әрі – диссертациялық кеңес комиссиясы) құру;

4) көпшілік алдында диссертация қорғауды жүргізу;

5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) объективті, толық және анық мәліметтер береді;

2) диссертацияны қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

3) ғылыми этиканы бұзу фактілеріне ден қояды;

4) шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірдің, Тараптардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың ықпалынан еркін болса;

5) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдайды;

6) қызмет процесінде кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми консультанттардың және ресми рецензенттердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздер, айыптаулар қолданбайды.