logo

Ынтымақтастық туралы меморандум


Ынтымақтастық туралы меморандум

2024 жылы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мустабеков пен «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры Асқар Күсіпбекұлы Хикметовтың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі жақтың басшылары білім беру және ғылыми салалардағы зияткерлік әлеуетін жүзеге асырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту және күшейтудің өзара қызығушылықтарын білдірді.

Сапар барысында қонаққа жетекші әскери жоғары оқу орнының құрылымы мен тапсырмалары, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен бірлескен еңбектері туралы презентациялар ұсынылды.