2024 жылғы 17 қаңтарда Astana IT University-де жыл сайынғы ғылыми форум өтті, ол ғылыми жұмыс жөніндегі ректорлар мен проректорларды, жетекші ғалымдар мен зерттеушілерді, журналдардың бас және ғылыми редакторларын, диссертациялық кеңестердің төрағаларын біріктірді.
Форум жұмысына ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері қатысты. Әскери ғалымдар тобын университет бастығының орынбасары – әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), полковник Сапар Құлатаев ұсынды.
Форумның маңызды оқиғасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуы болды, ол құттықтау сөз сөйлеп, отандық ғылым мен жоғары білім берудің даму бағыттарын белгіледі.
Форумның басты назарында ғылыми сараптаманы дамыту, жоғары білім беру стандарттарын арттыру және ғылыми қызметтің нәтижелілігін бағалау тетіктерін жетілдіру мәселелері болды.
Пленарлық отырыста және тақырыптық секцияларда академиялық қоғамдастықтың, бизнес пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылының, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен озық технологияларды енгізудің аспектілері талқыланды. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша сараптамалық пікірталастар өтті. Форумға қатысушылар жоғары білікті кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесіне үздік әлемдік тәжірибелерді табысты енгізу кейстерін ұсынды.
Форумның ұйымдастырушылары мен қатысушылары оның нәтижелері ғылым мен жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.