«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде командирлердің (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтын құрутуралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 19 қаңтардағы № 1084 Жарлығымен әскерлерде тәрбие жұмыстарын жақсарту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының арасында әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтарына жауапкершілікті арттыру және қорғау мақсатында командирлердің (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылды.
2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде командирлердің (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылуының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді. Тәрбие құрылымдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы әскери қызметте және оқуда қойылған тапсырмаларды орындап, жетістіктерге жетіп, жеке құрамға патриоттық тәрбие беруге, оқытуда белсенділік танытып келеді және әскери тәртіпті және құқықбұзушылықтың алдын алуға зор үлес қосуда.