logo

Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрінің сапармен келуі


Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрінің сапармен келуі

2024 жылғы 28 наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетімен танысу сапарымен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генералполковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келіп кетті.

     
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекші әскери ғылымибілім беру орталығына бару шеңберінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генералмайор Ш.-Х. Жазықбаев Тәжікстен Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысымен бірге болды.

    Генералмайор А. Мустабеков университетіміз, екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастыққа үлесін қосатынын атап кетті. 2005 жылдан бері Тәжікстанның Қарулы күштері үшін университетпен магистратура бағдарламасы бойынша 90 офицер дайындалып шығарылды.

    Сапар барысында қонақтарға презентация және университеттің
 
оқуматериалдық базасы ұсынылды.