2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты митинг өткізілді.
Университет бастығы жеке құрамды осы айтулы күнімен құттықтады. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мемлекет басшысының кәсіби кадрларды даярлау саласындағы саясатын дәйекті түрде іске асыруда.
Өзінің құттықтау сөзінде генерал-майор А. Мустабеков магистранттар мен докторанттардың назарын өзінің кәсіби білім жетілдіруге, қызметтік міндеттері мен әскери борышын орындауда үлгілі болуына назар аударды.
Сондай-ақ, салтанатты митингке Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник А.Тогусов қатысты.