logo

РХБ қорғанысы бойынша дөңгелек үстел


РХБ қорғанысы бойынша дөңгелек үстел

2025 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде «Соңғы қарулы қақтығыстар аясында РХБ қорғанысын жетілдіру туралы көзқарастар» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚР ҚК Бас штабының бастығы, ҚР ҚК БШБ орынбасары, РХБ қорғаныс әскерлері департаментінің бастығы мен қарамағындағы офицерлері, ҚР ІІМ ҰҰ РХБ қорғаныс әскерлерінің бастығы, ҚР ҚК тектерінің РХБ қорғаныс әскерлерінің бастықтары, сондай-ақ университеттің инженерлік әскерлері, РХБ қорғаныс әскерлері мен экологиялық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылар мен магистранттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында соңғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі бойынша РХБ қорғаудың өзекті мәлелелрі, сонымен қатар ҚР ҚК РХБ қорғаныс жүйесіндегі проблемалық мәселелер талқыланды. Қорытындыда ҚР ҚК РХБ қорғаныс әскерлерін дамытудың болашақ бағыттары анықталды.