2023 жылғы 22 желтоқсанда университетте Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға университет қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан әскерлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілдері, жетекші әскери ғалымдар мен Құрлық әскерлері әскери институтының, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясының мамандары және басқалар қатысты. Конференция барысында Президент Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланып, оның Қарулы Күштерді және тұтастай алғанда мемлекетті дамыту ісіндегі рөлі атап өтілді.