logo

Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшысының сапары


Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшысының сапары

2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне Ресей Федерациясы Әуе-ғарыш күштері Бас қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-полковник Юрий Николаевич Грехов сапармен келді.

Сапар барысында ресейлік сарапшы «Барлау міндеттерін орындау кезінде Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің ҰҰА қолдану ерекшеліктері» және «ҰҰА қолдануға қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» сияқты өзекті мәселелер бойынша дәріс оқыды.

Қазақстан университетінің магистранттары мен докторанттары үшін осы саладағы оқу әдебиеттерін жетілдіру саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы талқылау өтті.