2024 жылғы 8 сәуірде маңызды оқиға болды – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Ресей Федерациясының Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум өзара түсіністік қағидаларына негізделген және Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің, достық пен одақтастықтың мүдделеріне сай келеді.
Білім және ғылым жүйесіне қойылатын талаптардың артуы жағдайында меморандум жасасу жоғары және ғылым саласында тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өте уақтылы шара болып табылады.
Меморандум екі жоғары оқу орнының ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.