29 мамыр күні Ұлттық қорғаныс университетінде орыс және түрік тілдерін қарқынды оқыту курстарының тыңдаушыларын шығарып салу салтанатты рәсімі өткізілді.
Тоғыз айлық орыс тілі курстары Түркиядан келген әскери қызметшілері үшін бесінші мерейтойлық және Ұлыбритания мен Франциядан келген әріптестері үшін алғашқы болды.
Түрік тілінің жеті айлық курсында сұранысқа ие болған мамандықтары бойынша Түркияда одан әрі оқыту үшін жоспарланған Қарулы Күштер әскерлерінің түрлері мен тектерінің өкілдері дайындықтан өтті.
Салтанатты шараға Түркияның Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры және әскери атташесі, Ұлыбритания елшісі мен Францияның әскери атташесі қатысты.