logo

Ортақ тарих және мәдениет


Ортақ тарих және мәдениет

Бүгін 2024 жылдың 16 қазанында Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласындағы орналасқан Жаяу әскерлері институтының ұйымдастырылуымен «Түркия – Қазақстан: Ортақ тарих және мәдениет панелі»  атты симпозиум өтті.

Симпозиумда Қазақстан және Түркия  мемлекеттерінің қорғаныс саласындағы ҰҚУ профессорлары баяндамалар оқыды. Сонымен қатар Анкарадағы Жаяу әскерлері институтында армия генералы
С. Нұрмағамбетовке арналған бұрыш ашылып, оның кітабының лентасы қиылды. Арнайы бұл іс-шара екі елдің әнұрандарынан басталып, алғашқы баяндаманы С.Нұрмағамбетовтың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова  оқыды.

Симпозиумда екі ел профессорлары жалпы түркі халқының тарихы мен мәдениеттері туралы баяндамалар оқыды. Симпозиум екі күнге созылады. Түркиядағы Қазақстан елшісі Сапиев Еркебулан Оналбекович, генерал-лейтенант Таласов Мухамеджан Кадыржанович те қатысып, сөз сөйледі. Симпозтумға 1000ға жуық офицерлер, академик, профессорлар және оқу курсанттары қатысты.