2024 жылдың 19 ақпанында Ұлттық қорғаныс университетіне Төрайымы Айгүл Сайфоллақызы Құспанның бастауымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің Депутаттары жұмыс сапарымен келді.
Университет бастығы генерал – майор А.Мустабеков қонақтарға жетекші әскери жоғары оқу орнының құрылымы мен тапсырмалары және отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен бірлескен еңбектері туралы презентацияны ұсынды.