logo

Моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел: мәселелері мен шешімдері


Моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел: мәселелері мен шешімдері

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің базасында ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілдері «Соңғы қарулы қақтығыстар аясында моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді жетілдіруге көзқарастар. Мәселелер және оларды шешу жолдары » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Талқылауды ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Ш-Х. С. Жазықбаев осы бағытқа жауапты БШ және ҚР ҚК барлық бөлімшелерінің өкілдерін, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы мен Әскери оқыту және тәрбие кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын тарта отырып басқарды.

Сарапшылар Қазақстан Республикасының күш құрылымдары бөлімшелері мен бөлімдері жеке құрамының жауынгерлік әзірлігін арттырудың негізгі факторы ретінде бөлімшелерді моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді (МПҚ) жетілдірудің маңыздылығына назар аударды. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар (операциялар) барысында МПҚ ұйымына талдау жүргізе отырып, ТИЖ өкілдері оны Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.