2023 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін атқарған әскери-ғылыми взвод пен штабтық ротаның әскери қызметшілерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Генерал-майор Л. Альчекенов сарбаздарға жауынгерлік парыздарын адал атқарғандары үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барасында университет бастығы сарбаздарға кезекті «ефрейтор» атақтарын, ата-аналарына грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.