Сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу – әскери дәстүрлерді сақтаудың және жеке құрамды әскери мамандықты құрметтеу рухында тәрбиелеудің маңызды элементі.
Осылайша, 2024 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өтеген әскери ғылыми взвод пен күзет және қамтамасыз ету ротасының әскери қызметшілерін салтанатты шығарып салу рәсімі өткізілді.
Генерал – майор А. Мустабеков әскери борыштарын адалдықпен орындағаны үшін сарбаздарға алғысын білдірді.
Іс-шара барысында университет бастығы кезекті әскери атақтарды, грамоталар мен ата-аналарға алғыс хаттарды табыс етті.