2024 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне Беларус Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы генерал-лейтенант Александр Григорьевич Вольфович басшылығымен делегация келді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекші әскери ғылыми-білім беру орталығына бару шеңберінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор Ш.-Х. Жазықбаев Беларус делегациясымен бірге болды.
Университеттегі сапар барысында Беларус делегациясы Беларус Республикасы Қарулы Күштерінің тақырыптық аудиториясына барды.