logo

Күшіміз бірлікте!


Күшіміз бірлікте!

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды.

2024 жылғы 8-12 сәуір кезеңі аралығында университеттің жеке құрамымен 40 кг қарақұмық жармасы, 30 кг макарон өнімдері, 25 кг күріш, қант, күнбағыс майы мен ауыз суы жиналды. Азық-түліктен басқа, жылы киімдер, аяқ киім, дәрі-дәрмектер, санитарлық-гигиеналық құралдары мен т.б. заттар жиналды.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмысына қолдарынан келгенше үлестерін қосты.

Жиналған гуманитарлық көмек Ш. Қалдаяқов көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Жақсылық жаса» көмек қабылдау волонтерлық штабына жеткізілді.