logo

Конституция күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты іс-шара 


Конституция күнін мерекелеу құрметіне арналған салтанатты іс-шара 

2024 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының
29 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

 Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаттар қазақстандық мемлекеттілікті дамытудағы берік іргетасқа айналды. Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, ұлтаралық пен конфессиялық келісімді нығайтты және «Біртұтас ел – Біртұтас жер» қағидатының негізін қалады.

 Конституция күні құрметіне орай университет бастығы генерал-майор А. Мустабеков университеттің жеке құрамын лауазымдық міндеттерін адал орындағаны, танытқан ынта-жігері, үлгілі әскери және еңбек тәртібі үшін  көтермелеп құттықтады.