2025 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қорғаныс университетінде «Шағын көлемді радиоэлектрондық барлау құралдарын дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға әскери ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Ұзақ талқылау барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды ескере отырып, қазіргі заманғы шағын көлемді радиоэлектрондық барлау құралдарын қолдану саласындағы негізгі тенденциялар мен сын-қатерлер қаралды.
Радиоэлектрондық барлау құралдарын пайдалану, ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымын талқылау, ғылыми жұмыстың құрамын анықтау, зерттеу нәтижелерін одан әрі дамыту және іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.