2024 жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде «Замануи қатерлер мен қауіптер шарттарында Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау жүйесінің дамуы» тақырыбы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция Азаматтық қорғау кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Конференцияның жұмыс барысында Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттармен докторанттар және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясының, «Әскери-стратегиялық зерттеу орталығы» АҚ, Назарбаев Университеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету Департаментінің өкілдері катысты.
Конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекттік азаматтық қорғау жүйесінің дамуы үшін тапсырмалар резолюциясы қабылданды.