logo

Жыл сайынғы дәстүрлерді бекіту


Жыл сайынғы дәстүрлерді бекіту

Тәрбие, идеологиялық жұмыстарды, әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру және жыл сайынғы дәстүрлерді белгілеу мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамы, армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Қарулы Күштерінің Бас штаб Академиясы» факультетінің 1 курс магистранттары, сонымен қатар, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Ақмола облысы, Ақкөл кентіндегі даңқты қолбасшының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы С. Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.  

          Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы, «Қарулы Күштерінің Бас штаб Академиясы» факультетінің офицерлері жақсы дәстүрлерді бекіту мақсатында жыл сайын қыркүйектің бірінші сенбісінде, жаңа оқу жылының басында С. Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін белгілеу туралы шешім қабылдады.  

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, PhD философия докторы, генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабеков аталмыш іс-шараны атақты қолбасшының жүз жылдық мерейтойында өткізудің маңыздылығын атап өтті.