logo

Ерлік сабағы


Ерлік сабағы

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Астана қаласының №88 мектеп-лицейінің базасында университет әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметімен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жолуына орай ерлік сабағы ұйымдастырылып өткізілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің әскери оқыту және тәрбие кафедрасының оқытушысы полковник Арман Жанұзақұлы Жанұзақов мектеп оқушыларына Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагтағы шешуші шабуылы, батыл ерлігі мен өмір жолы туралы баяндады.