Франция мен Қазақстанның қорғаныс ведомстволары арасындағы Әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 24-25 қыркүйекте Франция Республикасы Әскери академиясының Стратегиялық зерттеулер институтының посткеңестік кеңістігінің зерттеушісі және сарапшысы доктор Селин Маранженің сапары өтті.
Профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттар үшін доктор Селин Маранже дәріс оқыды, сондай-ақ «Ақпараттық соғыс қазіргі қақтығыстардағы мақсаттарға жету тәсілі ретінде» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.