Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Ұлттық қорғаныс университетіне Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Геннадьевич Хренин сапармен келіп кетті.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасы Әскери білім және ғылым флагманының негізгі функциялары мен міндеттерімен танысты.
Қонаққа Қазақстанның Қорғаныс ведомствосының әскери ғылымының бірнеше озық жетістіктері көрсетілді.
Соңында Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі ұлттық және өңірлік қауіпсіздігінің игілігі үшін әскери білім беруді одан әрі дамыту және ілгерілетуге тілек білдіріп, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.