logo

Бақылау-көрсету арқылы пісірудің практикалық сабағы


Бақылау-көрсету арқылы пісірудің практикалық сабағы

2024 жылғы 3 сәуірдегі Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің асханасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің Тылдық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушылары мен 2 курс магистранттарын қатыстырумен тамақты бақылау-көрсету арқылы пісіру жүргізілді.

Сабақтың мақсаты, тамақтануды ұйымдастыруды жоспарлау бойынша теориялық білімді тереңдету және бекіту болды.