2022 жылдын 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы, аңызға айналған қолбасшы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция жұмысына Әскери білім және ғылым департаментінің бастшылығы, ҰҚШҰ өкілдері, факультеттер мен кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, Ұлттық қорғаныс университетінің докторанттары және басқа әскери оқу орындарының өкілдері қатысты.
Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Х. Ахметов атап өткендей, өз халқының тарихын білу, тарихи тәжірибені, әскери тарих сабақтарын терең меңгеру қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін дамытудың перспективалық бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.
Әлемде тағдыры ақылға, орасан зор күшке ерік-жігерге, патриотизмге, қуатты ұлттық рухқа ие тұлғалармен анықталмайтын бірде-бір халық жоқ. Осындай адамдардың бірі Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлы.
Конференция форматы барлық қатысушыларға сындарлы түрде пікір алмасуға, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының тарихи мұрасының өзекті бағыттарын талқылауға, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мен нығайту векторларын белгілеугемүмкіндік берді.
Ұлы Бауыржан Момышұлының жолы жаңа формациядағы офицерлердің қалыптасуы үшін бағдар болып табылады, – деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор
Л.С. Альчекенов, аты аңызға айналған қолбасшының еңбектері әскери өнерді дамытудың перспективалық бағыттарын айқындаудың негізі болып табылады.