Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекетттік саясатты және идеологиялық жұмысты жүзеге асыру мақсатында, 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Құрлық әскерлері факультетінде қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры, дарынды әскери көшбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туылғанына 114 жыл толғанына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің шеңберінде магистранттар және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Кездесу барысында, дөңгелек үстелдің қатысушылары Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, әскери мансаптары мен өмір жолы туралы әңгімеледі.
Бауыржан Момышұлы аты аңызға айналған көшбасшы, бірінші қазақстандық әскери ғылыми зерттеуші, педагог, жазушы, әскери өнер туралы сандаған кітаптардың авторы. Талантты стратег ғана емес, философ, ойшыл, психолог және адам жаратылысының жанын түсінентін ғұлама. «Мәскеу үшін шайқас» жауынгерлік эпизодтары туралы сөз алғандар шабытпен және қызығушылықпен әңгімеледі.
Оның әрекеттері Ұлы Отан соғысының тарихында, ұрысты ұйымдастыру және жеңіске жету жолында шығармашылық тәсілінің үлгілі командирі болып қалды. Оның командирлік таланты ұрыс алаңыда ғана емес, ол жауынгерлерді, олардың жауынгерлік рухы мен өзінің әскери міндеттеріне адал болуды тәрбиелеуде аса зор көңіл аударған.
Университеттің кітапхана қызметкерлерімен, іс-шараларға қатысты, «Бауыржан туралы естелік» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды және ұсынылды.
Бауыржан Момышұлы айтқандай, өмір – бұл естелік. Батыр өлгенмен, ол туралы естеліктер халық арасында өмір сүруді жалғастырады. Ол аңызға айналған өмір сүрген және аты аңызға айналған батыр болып естерімізде қалады. Оның ерліктері, Отанына деген патриоттық сезімі мен адалдығы, бәрімізге үлгі болып табылады.