logo

Ауған жауынгерлерін құрметтеу


Ауған жауынгерлерін құрметтеу

         2024 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Кеңес әскерлерін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығарылу күніне 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді.

 Университет қабырғасында офицерлердің тәрбиесіне және оқуына үлкен үлестерін қосатын, өзін ең бейбітшіл және адамгершілікті мамандыққа – педагогикалық қызметке арнаған ауған жауынгерлері генерал-майор Мүслім Қадылбекұлы Даиров, полковник Мұхамедқали Қабылбекұлы Қазамбаев және Толқындат Нәсіпқалиұлы Төлешев қызметтерін жалғастыруда.   

      Біздің Ауған соғысының ардагерлері білім алушыларға өзінің білімдері мен өмірлік тәжірибесімен бөлісуде.