2025 жылдың 14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 36 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде Ауғанстаннан жауынгерлердің шығарылуына арналған іс-шара өткізілді.
Ауған соғысының ардагерлері полковник М.К. Қазамбаев пен полковник Т.Н. Төлешов жеке естеліктерімен бөлісіп, болашақ ұрпақ үшін сол кездегі оқиғалар туралы есте сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Іс-шара сол қайғылы және қаһармандық жылдар туралы тарихи жадыны сақтаудағы маңызды кезең болғаны, сондай-ақ Ауғанстандағы борышын өтегендерге өшпес құрмет пен ризашылықтың символы болды.