Ұлттық қорғаныс университетінің базасында аумақтық қорғаныс мәселелеріне қатысты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Аталған курстық дайындық мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы теориялық білімдерін меңгеруге, әскерлерді басқаруды ұйымдастырудағы практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Оқу бағдарламасын Бас штабтың Аумақтық қорғаныс департаментінің, «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің және Ұлттық қорғаныс университетінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс кафедрасы ұжымының офицерлері әзірледі.
– Оқыту барысында офицерлер аумақтық әскерлерді даярлау жүйесіндегі мамандықтар бойынша білімді өзектендіріп қана қоймай, қосымша білім алады. Олардың лауазымдық міндеттеріне сәйкес міндеттерін табысты орындауына мүмкіндік беретін қажетті машықты жинақтайтын болады, – деді «Біліктілікті арттыру институты» факультетінің бастығы полковник Бостан Өтебаев.
Курстық дайындық аяқталғаннан кейін 19 офицерге сертификат табыс етіледі.