Ұлттық ұланның факультетінде «Дағдарыс жағдайларында Ұлттық ұланның құрамаларын (бөлімдерін) азық-түлікпен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы тыл басқармасы бастығының орынбасары полковник Көркембаев Әділет, Ұлттық ұлан факультеті бастығының орынбасары полковник Ибраев Рашид, Ұлттық ұлан факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын қамтамасыз ету кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде талқыланды.
Отандық өндірушілермен бірлесе отырып, дағдарыс жағдайларында Ұлттық ұланның бөлімдеріне арналған азық-түлікпен қамтамасыз ету қорларын дайындау, оларды төлеу мен жеткізу тәртібін әзірлеу қажет.
Жеткізілетін азық-түліктердің басқа да жеткізушілердің номенклатурасын қарап, жалпы азықтың нормаға сәйкестігі мен сапасын қайта қарастыру қажеттілігін, – кафедраның аға оқытушысы полковник Абулгазинов Самат өз баяндамасында айтып өтті.
Аталған іс-шарада дағдарыс уақытында азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қажетті білім алғаны және шетелдік тәжірибені зерделегені туралы магистрант подполковник Манақбаев Нұрмахамбет өз ойымен бөлісті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар шетелдік тәжірибені талқылады, сондай-ақ дағдарыс жағдайында Ұлттық ұлан құрамалары мен бөлімдерін азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы өз ұсыныстарын айтты және ойларымен бөлісті.
Дөнгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша кеңестер мен ұсыныстар хаттамасы жасалды.