Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар!
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата заңымыз тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрудың берік іргетасы болды. Еліміздің игілігі мен ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін мемлекетті қалыптастырудың қағидалары мен негіздері стратегиялық тұрғыдан дұрыстығын уақыттың өзі көрсетіп берді.
Қарулы күштер үшін мемлекетіміздің бас құжаты айрықша маңызға ие. Ант мәтінінде жазылғандай, әр әскери қызметші «Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға, Конституцияны қастерлеуге …» деп Отанына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант береді. Сол себепті, біз еліміздің конституциялық құрылысын қорғауда мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне ешкімнің қол сұғуына жол бермейміз.
Әскеріміздің жетістігі де ел басшылығының әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген жауапты қадамының айқын дәлелі.
Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуеті жылдан жылға нығайып келеді. Жауынгерлік даярлықтың сапасы мен қарқыны айтарлықтай артып, әскерлердің техникалық жарақтандырылуы ұдайы жетілдірілуде. Әскери қызметшілер тиісті әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілді.
Қарулы күштерге жүктелген барлық негізгі міндеттер нәтижелі орындалуда.
Отан қорғауда күнделікті жауынгерлік қызметімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосып жүрген барлық жеке құрамның еңбегі ерен.
Әскердің алдында бәрімізді байыпты қарауға міндеттейтін жауапты тапсырмалар мен маңызды сынақтар бар.
Сіздерді және отбасыларыңызды, туған-туыстарыңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен Отанымыздың дамуы жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!