logo
logo

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті -
Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қ. К. Тоқаев

logo

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің психологиялық жұмыс мамандарының біліктілігін арттыру курстары


<strong>Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің психологиялық жұмыс мамандарының біліктілігін арттыру курстары</strong>

2023 жылғы 2-13 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің психологиялық жұмыс мамандарының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілді.

  Курстың мақсаты әскери бөлімдердегі психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жетілдіру және кәсіби біліктіліктерін арттыру болды.

Біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы үш пәнді: психологиялық жұмыс маманының психологиялық-педагогикалық қызметтінің аспектілері, әскери психология, психологиялық дайындықты қоса алғанда 10 оқу күнін, жалпы көлемі – 72 сағатты құрады. 

Курс соңында пәндер бойынша тестілеу түрінде кешенді емтихан (сынақ) өткізілді. Курстың барлық оқушылары оң баға алды.