Қазақстан Республикасының Қорғаныс ұлттық университетінде «Әскери бөлім батальон штабының уақытша штатын қазіргі заманғы дайындық стандарттары негізінде талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Штабтық жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін НАТО стандарттарына сәйкестендіру мәселелеріне басты назар аударылды.
Қатысушылар штаб құрылымын оңтайландырудың негізгі аспектілерін, басқару тиімділігін арттыруды және халықаралық тәжірибені ұлттық әскерлерді дайындау жүйесіне бейімдеу мәселелерін талқылады. Жоспарлау үдерісінде озық технологияларды енгізу, сондай-ақ штаб офицерлерінің кәсіби даярлығын арттыру тақырыптарына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша батальон штабының ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірленеді. Бұл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болмақ.